National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Коммуникациялар бөлімі

Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі

Арман Оразбайұлы Қырықбаев

1976 жылы Астана қаласында туған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.

1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.

2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы.

2002-2005 жылдары – «АВЕ Корпорация» ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры, «Ойлтранс Лимитед» компаниясының Алматы қаласындағы филиалының директоры.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры.

2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.

2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2014-2015 жылдары – «Нұр-Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2020-2022 жылдары – «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2022 - 2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2024 жылғы 9 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару