National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Жастар саясаты жөніндегі кеңесте Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар талқыланды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспарды әзірлеуші орталық мемлекеттік органдар басшыларымен кездесу өтті. Жиында синтетикалық есірткінің таралуы жіті қаралды.

Синтетикалық есірткімен күрес мәселесі ең алғаш рет ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 2022 жылы тамыз айында өткен отырысында қозғалғанын айта кеткен абзал.

2022 жылдың қыркүйек айында жариялаған Жолдауында Президент синтетикалық есірткімен күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде атады. Одан бөлек, Мемлекет басшысы бұл мәселені өзінің сайлауалды бағдарламасына да енгізді.

Осындай стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жұмысқа Кеңес мүшелері де белсенді түрде атсалысуда.

Бүгінгі кездесуге Кеңес мүшелерімен қатар Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары қатысты. Олар синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес, әзірленіп жатқан Кешенді жоспар шеңберінде нашақорлықтан емдеу және оңалту мәселелері бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Жұмыс кездесуінің соңында ақпараттық-профилактикалық жұмыстарға жұртшылықты белсенді қатыстыра отырып, мемлекеттік органдар үшін нақты ұсынымдар берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару