National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Кариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Жиында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өтетін негізгі іс-шаралар жайында баяндап, ұйымдастыру-дайындық жұмысы және жоспарға сай өтетін мәдени-көпшілік шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар отырыста Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдері мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде баяндама жасады.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы Мемлекеттік рәмізді пайдалануға қатысты құқықтық актілер либерализация бағытына өзгергенін атап өтті. Осы орайда Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, Мемлекеттік Туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды.

Комиссия төрағасы Мемлекеттік рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, еліміздің ажырамас бөлігі және Тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өтетін жалпы республикалық іс-шараларды сапалы өткізуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы