National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктерінің, Египеттің және Грузияның іскер әйелдерімен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова кездесуде Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әйелдері еліміздің Тәуелсіздігін нығайту ісіне еселі үлес қосып келеді» деген сөзіне назар аударды.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстанда Елбасының қолдауымен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ана мен баланы қорғау, әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

Г.Әбдіқалықова бизнес-ортаны кеңейту және түбегейлі жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Елімізде ішкі жалпы өнімге шағын және орта бизнестің қосатын үлесін 2050 жылға қарай 50 пайыздан кем емес мөлшерге жеткізу жөнінде стратегиялық мақсат қойылған. 

– Қазақстан қазіргі уақытта шикізатқа тәуелділіктен арылуға және ақылды инновациялық экономика құруға бағытталған саясат жүргізуде. Осы бағытта әйелдер кәсіпкерлігі де қарқынды дамып келеді. Қазақстандық қыз-келіншектер үшін бизнесте денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат, фэшн-индустрия және тағы басқа салалардағы қызмет көрсету ісі басымдыққа ие. Қаржы институттарымен ынтымақтастық белсенді түрде дамытылуда, – деді Мемлекеттік хатшы.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Грузия елдерінің іскер әйелдеріне зор денсаулық, мол табыс және бақ-береке тіледі.

Кездесуге Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Әл-Джабер, Біріккен Араб Әмірліктері Президенті жанындағы Кәсіпкер әйелдер кеңесінің президенті Ф.Камбер Әл-Авадхи, Грузияның Іскер әйелдер кеңесінің президенті Е.Маисурадзе, сондай-ақ Қазақстанның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Египеттің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару