National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модидің құттықтау жеделхаты

2015 жылғы 04 мамыр

 

Н.Моди Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Қайта сайлануыңыз Қазақстан халқының Сіздің көреген көшбасшылығыңызға деген сенімінің жарқын айғағы болып табылады. Сізге қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан ұлт қалыптастыру жолындағы күш-жігеріңіздің табысты болуын тілегім келеді. Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен ілгерілеу мен дамудың жаңа сатысына аяқ басатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Үндістан Премьер-Министрі екі мемлекет халқының да әл-ауқатына ықпал еткен және бүкіл өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа айтарлықтай үлес қосқан Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өз елінің әрдайым бейілді екенін атап өтті.  

«Мен екіжақты байланыстарды күшейту және әртараптандыру жөніндегі бірлескен мүмкіндіктерді талқылау үшін Сіздің ұлы еліңізге алдағы сапарымды тағатсыздана күтудемін. Сіздің қолдауыңызбен түрлі саладағы ынтымақтастығымызды болашақта бұдан да жоғары деңгейге көтере алатынымызға сенімдімін», – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің