National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысы Чэ Цзюньмен кездесті

2019 жылғы 12 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Чжецзян провинциясының басшысына ризашылық білдіріп, Қытай Халық Республикасының қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтіп, осы мемлекеттік сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара әріптестікке тың серпін беретінін айтты.  

– Мәңгілік стратегиялық серіктестігіміз, шын мәнінде, өзара ынтымақтастықтың көптеген салаларын қамтиды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшылары негізін қалаған істі жалғастырамыз. Біз экономика, саясат және өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық орнатамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қытайдың цифрлық экономиканы дамыту  саласында орасан зор жетістікке жеткеніне тоқталып,  осы саладағы мәселелерді талқылау үшін Чжецзян провинциясына арнайы ат басын бұрғанын айтты.

– Ханчжоу – Қытай мәдениетінің бесігі. Бұл қала әлемдегі жоғары технологиялар орталығы болып табылады. Мұнда осы сала бойынша ірі компаниялар жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл қалада кезінде Қытай Төрағасы Си Цзиньпинь жұмыс істеп, өзінің ең табысты идеяларын жүзеге асырған. Қала көрікті және табысты әрі қарқынды дамуда, – деді Мемлекет басшысы.  

Чэ Цзюнь Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі салалары бойынша Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық және мәдени ықпалдастық орнатуға дайын екенін айтты.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің