Жаңалықтар

25 қыркүйек 2019
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және технологиялық салалардағы ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Финляндия Солтүстік Еуропа мен Еуропалық Одақтағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндиямен сындарлы және сенімді саяси диалогты жоғары бағалап, өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін айтты.
Президенттің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қазан айында Финляндияға жасаған сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырумен қатар, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздестіру екі елдің арасындағы әріптестіктің шекарасын кеңейте түспек.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар