Жаңалықтар

21 сәуір 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

01(2)

02(2)

Қазақстан Президенті елордадағы «Астана-Арена» стадионына қарама-қарсы орналасқан жаңа паркте болып, ағаш отырғызды. Мемлекет басшысына сондай-ақ астананың парк аймағын одан әрі дамыту жөніндегі жоба таныстырылды.

«Біз ұрпақтарымыз әдемі әрі таза қалада тұрулары үшін елімізді жасыл желекке айналдыруымыз керек. Бүгін бұл жерде аумағы 100 гектарды алып жатқан Қазақстандағы ең үлкен, жаңа парк болады. Осында Ботаникалық бақ болады. Мен оны «Жетісу» деп атауды ұсындым. Бұл баққа әлемнің әр елінен әкелінген ағаштар мен өсімдіктер отырғызылады. Бұл қала тұрғындары үшін жаңа демалыс орны болады», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев көктем келісімен мұндай дәстүрлі сенбілік Астанада ғана емес, Қазақстанның өзге де өңірлерінде өткізілетінін атап өтті.

«Егер бір адам коқысты арнайы орынға салмайтын болса, басқалары да соны қайталайды. Шашылып жатқан темекі тұқылымен қатар, бос бөтелкелер пайда болады, одан барып күл-қоқысқа айналады. Тазалық жинастыратын жерде емес, ластамайтын жерде сақталады.Сондықтан барлығымыз қыс өтіп, көктем келісімен айналамызды ретке келтіріп, таза ұстауымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысты, топырағымен қоса отырғызу технологиясымен 2350 ағаш, тағы 2600 түптен астам ағаш-бұта дәстүрлі әдіспен отырғызылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар