National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Бақытжан Сағынтаев Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концертке барды

2019 жылғы 07 наурыз

Мемлекеттік хатшы концерт алдында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан еліміздегі әйелдер қауымын Халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде қоғам өміріндегі және мемлекетті дамыту ісіндегі әйелдердің рөлі айрықша аталып өткені туралы айтты.

– Сіздер елдіктің жүгін ер-азаматтармен бірдей арқалап, сан түрлі салада табысты еңбек етіп, мемлекетімізді нығайтуға, елдігімізді баянды етуге бірегей үлес қосып келесіздер, – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Елбасының құттықтауында әйелдер қауымы шаңырақтың берекесі мен отбасылық құндылықтарды сақтап, бүкіл қоғамның үйлесімді дамуына септігін тигізіп отырғаны жөнінде айтылған.

– Барша қазақстандық аналарға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық жасау – ер-азаматтардың борышы және мемлекеттің ең басты міндеті. Біз осы үдеден шығу үшін аянбаймыз, – делінген құттықтау сөзде.

Концертте «Astana Ballet», «Жастар» театрларының өнерпаздары, халық әртістері Ә.Дінішев, Р.Рымбаева, сондай-ақ танымал орындаушылар Р.Малцагов, Р.Нұржігіт, Ayree, Н.Керменбаев, Ә.Оқапов, А.Жорабаева, «Жас сарбаз» балалар хоры, Қ.Әбілдина студиясының шәкірттері өнер көрсетті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің