National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасы Анри Пупар-Лафаржды қабылдады

2019 жылғы 24 сәуір

Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.  

– Біз 7 жыл бұрын табысты ынтымақтастығымызды бастадық. Бүгінде сіздердің кәсіпорындарыңыз теміржол саласында ғана емес, сондай-ақ машина жасау саласында да жұмыс істеп келеді. Компанияңыз шығаратын өнім өңір елдерінде сұранысқа ие, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Әңгімелесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің көлік-транзит әлеуетінің артуына орай инфрақұрылымды дамытудың маңызды екенін атап өтті.

– Қазір инфрақұрылымдық даму өңірдегі маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына да байланысты. Біз теміржол желілерін салдық, –  деді Елбасы.

Анри Пупар-Лафарж Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестициялық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі рөлін атап өтіп, кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ризашылық білдірді.

– Электровоз құрастыру зауытында көп техника шығарылды. Бұл өнім шетел нарығына да жеткізілуде. Әзербайжанға экспорттауды бастадық. Біз қазақстандық мамандардың арқасында сапалы өнім шығаруға мүмкіндік алдық. Қазір өндірісімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Зауыт қызметкерлерін 500-ден 700 қызметкерге дейін, сондай-ақ кәсіпорынның өнімділігін жылына 100 электровозға дейін көбейту жоспарда бар, – деді «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасы.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің