Жаңалықтар

27 қаңтар 2009
Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырыс барысында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың ҚХА-ның ХІV сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында Ассамблея алдында тұрған міндеттер талқыланды.


- Қазақстанның ажырамас бөлшегі және мақтанышына айналған бейбітшілік пен келісім, саяси және қоғамдық тұрақтылық, толеранттылық ең алдымен Мемлекет басшысы – ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген әрі сындарлы саясатының арқасында мүмкін болып отыр, - деп атап көрсетті Қ.Саудабаев.


Кеңес отырысында Ассамблея Хатшылығының 2009 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми сүйемелдеу мақсатында құрылып отырған тұрақты әрекет етуші Ғылыми-сараптамалық кеңес таныстырылды.


Ассамблея Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары лауазымына республикалық этномәдени бірлестік басшыларынан қосымша екі кандидатураны Мемлекет басшысына бекітуге ұсынды. Сондай-ақ республикалық этномәдени бірлестіктерді Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайына көшіру мәселелері қаралды.


Кеңеске қатысушылар қабылданған шешімдер этносаралық қатынастар саласында қызмет ететін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыратынын, еліміздегі халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал ететінін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар