National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ конгрессмендері Дэн Бертон мен Грегори Миксті қабылдады

2012 жылғы 02 шілде

Кездесу кезінде сауда-экономикалық және халықаралық даму мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланды.

- Мен сіздерге Қазақстанға қош келдіңіздер демекпін. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біз барлық өзара қарым-қатынастарымыз бойынша АҚШ-пен белсенді ықтымақтастық орнаттық. Тәуелсіздігімізді жариялаған соң, келесі жылы мен сіздердің елде болып, АҚШ Президенті үлкен Джордж Бушпен кездестім. Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуына қолдау көрсетудің түрлі мәселелерін, соның ішінде ядролық қарусыздану мәселесін бірге талқыладық. Өздеріңіз білетіндей, ол кезде біз ядролық қарудың орасан арсеналы мен полигонға ие едік. Содан бері көп жыл өтті. Әлемде көптеген өзгерістер болды. Біз танымал әрі құрмет тұтар елге айналдық. Бүгінде еліміз айтарлықтай дамып келеді. Біз 2020-2025 жылдары әлемнің дамыған елдері қатарына кіру туралы алдымызға міндет қойып отырмыз, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Жылы шырайлы қабылдауларыңыз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Мен Қазақстанның тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде соншалықты орасан табыстарға жеткенін әсіресе, Астананы ерекше атап өтпекпін. Астананы ауыстыру туралы идеяға қарсы болғандар аз болмағаны маған да белгілі, алайда бұл дұрыс таңдау болғанын уақыт көрсетіп отыр. Осындай тамаша қала қандай рецепт бойынша салынғанын білгіміз келеді, - деді Дэн Бертон.

Қазақстан мен АҚШ арасында екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша кең көлемді өзара іс-қимылды сипаттайтын стратегиялық серіктестік орнатылған. 2011 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,74 миллиард долларды құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26 пайызға артық.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің