National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанидің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

2015 жылғы 20 қараша

 

Кездесу барысында Елбасы Ауғанстан Президентінің Астанаға алғашқы ресми сапары екі ел қарым-қатынастарына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Дала Елі мен Ауғанстанның тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастары, берік мәдени-рухани байланыстары бар екенін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас бірнеше ғасыр бұрынғы Қазақ хандығы мен Ахмат-шах Дурранидің кезінен бастау алатынына да назар аударды.

Мемлекет басшысы Ауғанстанда 30 жылдан астам уақытқа созылған азамат соғысы халықтың әл-ауқатына қатты әсер еткенін, сондықтан біздің республика М.Ғанидің елді тұрақтандыру және дамыту жөнінде жүргізіп жатқан бүгінгі жұмыстарын толық қолдайтынын айтты.

Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтау үшін жұмылдырылған күш-жігерді Қазақстанның түрлі халықаралық ұйымдар аясында қолдай беретіні атап өтілді.

Қазақстан Президенті Ауғанстанның солтүстігіндегі ахуал ушыққан 1996 жылы Орталық Азия елдері мен Ресейдің шұғыл кездесуі біздің елде өткенін және сондағы келіссөздер БҰҰ қарарын қабылдауға негіз болғанын еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастың маңызды тұстары мен оларды дамытудың келешегі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланған бүгінгі келіссөздерді жоғары бағалады.

М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және өркендеп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің