Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 маусым 2009
2009 жылдың 2 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Өкімге қол қойды.

Аталған құжатты жүзеге асыру елдің индустриялық-инновациялық жедел дамуын және мемлекеттік басқару жүйесі мен кадр саясатын жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған.


Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық жедел дамудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Оның аясында Мемлекет басшысы айқындаған жеті бағыт: АӨК және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіру, мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, металлургияны және дайын металл өнімдерін шығару, химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі, таза энергетиканы қоса алғандағы энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы дамитын болады.


Іс-шаралар жоспарында қарастырылған бірқатар шаралар мемлекеттік басқару жүйесі мен кадр саясатын жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар